1-03-2020, 02:45

"Болашаққа дені сау ұрпақ" ұранымен эстафеталық спорттық ойыны болып өтті.




Бүгін аудандық білім бөлімінің және мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің әдіскері Света Борашқызының ұйымдастыруымен "Болашаққа дені сау ұрпақ" ұранымен интеллектуалдық эстафеталық спорттық ойыны болып өтті. Ойын біріншілігіне ауданымыздағы 8 бөбекжай бақшалары қатысты. Ойын жогары деңгейде өтті. Бақшамыздың "Толағай" тобы бірінші ойында "Айжұлдыз", екінші ойында "Нұршуақ",финалда "Балдырган" бөбекжай бақшаларын жеңіп, облыстық ойынға жолдама алды.
Осы ойынға балаларды дайындаған дене тәрбие нұсқаушысы А. Хайруллинаға, тәрбиешілер А.Қабдоловаға, А.Жумажановаға, Г.Меңдіғалиеваға, Ж.Закарияеваға, Б.Жүнісоваға,
Ж.Есенғалиеваға және ата аналарға алғыс айтамыз.
Облыстық ойында бас жулде алуларыңызға тілекшіміз!
Бақша әкімшілігі атынан Алғысымыз шексіз!