Меңгеруші



Халенова Тамара Молдашқызы


1968 жылы 07 қыркүйекте дүниеге келген. 1989 жылы Гурьев педагогикалық институтының  Тарих қоғамтану және  совет заңы пәнінің мұғалімі, 2016 жылы Батыс Қазақстан  инновациялық – технологиялық  универсиетінің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу  мамандығын  бітірген. 1989 – 1991 жыл аралығында Көкшетау   облысы, Уалиханов  ауданында   оқу ісінің меңгерушісі  болып жұмыс жасаған.
1991-2005ж аралығында   Атырау  облысы, Исатай  ауданы   білім  бөлімінің   әдіскер   болып  қызмет  атқарған.2005 жылдан бастап «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасында меңгеруші    лауазымдық қызметін атқарып келеді. 2009 жыл ҚР Білім және ғылым министрлігі Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт кеңес шешімі бойынша «Балаларды бейнелеу өнеріне баулу» тірек   балабақшасы куәлігі берілді. 2012 жылы «Шәкірт жүрегіне жол  тапқан    ұстаз» Қазақстан Республикасының Білім  беру    жүйесінің үздік қызметкерлері жинақ кітабына шықты.    2014 жылы   республикалық «Бала мен балабақша» журналына  «Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – балабақшадан басталады» мақаласы жарияланды. 2017 жылы халықаралық  «Лучшие в образовании» энциклопедиясына балабақша туралы мақаласы енгізіліп, І дәрежелі дипломмен және де «Ең үздік білім ошағы» номинациясы табысталды. Өз еңбек жолында аудандық, облыстық,   республикалық, халықаралық   байқауларға қатысып жүлделі орындаға ие болып, Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар мен Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен»  марапатталды. 
, DLE hd WebMoney 24