«Қарлығаш» бөбекжай бақшасының жетістіктері.

«Қарлығаш» бөбекжай бақшасының жетістіктері.
            Адам баласы өмір бойы тәрбиелену үрдісінде болады десе, балабақша бұл үрдіс сатысының алғашқы баспалдағы іспетті. Сонысымен де қоғамда балабақшаның   алар  орны ерекше.
          Осынау маңызды іс – бала тәрбиелеу ісіне ауқымды үлес қосып келе жатқан үлгілі   балабақшалардың бірі Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы  Халенова Тамара Молдащқызы  басқаратын «Қарлығаш» бөбекжай бақшасы.
       Тамара Молдашқызы өзіндік алғырлығы мен іздемпаздығының нәтижесінде 2005 жылдан бастап «Қарлығаш» бөбекжай бақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.
       Балабақшада мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ісінде штат бойынша қызметкерлердің саны  - 56, оның ішінде педагог қызметкерлер -  24,  шаруашылық қызметкерлері - 32. Жалпы педагог қызметкерлердің санының жоғары санаттысы- 8, бірінші санаттысы – 9, барлығы 70,8%.құрады. Балабақшада 7 топта 187 бала тәрбиеленуде.  Балабақшада ағылшын тілі, орыс тілі, музыка, хореография, дене шынықтыру оқу қызметтері жүреді.
Балабақша ұжымы Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы даму стратегиясына баса назар аударып, жаңа педагогикалық технологияларды  меңгеруге озат  тәжірибені  кеңінен пайдалануға,  жұмыс барысында әдістемелік тұрғыдан оқыту әдістерін саналықпен меңгеруге ерекше  көңіл  бөлуде.
         2005 - 2017 жылдар ішінде балалар өздерін жоғарыдан көрсете білді:   аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді. 
         Балаға жүйелі білім беру, заман талабына сай жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін балабақшамызда атқарылып жатқан үш жылғы жұмыстар  нәтижесінде, атап айтсақ, 

Халықаралық байқау жетістігі бойынша:
        2017 – 2018 оқу жылының басты жетістігіміз,  Халықаралық «Лучшие в образовании» энциклопедиясына балабақша туралы   мақаласы енгізіліп, І дәрежелі дипломмен   және де «Ең үздік білім ошағы» номинациясы  табысталды.

Республикалық байқаулар сайыстар бойынша: 
2016 жылы «Тәуелсіздік» биі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастырылуымен «Ұлы дала ұрпақтары» республикалық шығармашылық фестивалінен І дәрежелі дипломмен және де «Мың бұралған биші» номинациясымен марапатталды.
2017жылы Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген «Человек и природа» конкурсына балабақшаның 24 бүлдіршіні қатысып,  24 бүлдіршінде І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Облыстық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық фестивалінде театрлық – сахналық шығармашылық жанры бойынша: 
2015 жылы «Сиқырлы қылқалам» ертегісі
2018жылы «Уақыт өлшемі» ертегісі бас жүлде алды.

Облыстық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық фестивалінде хореографиялық жанры бойынша:
2016 жылы «Тәуелсіздік» биі бас жүлдемен;
2017 жылы «Суретші» биі – І дәрежелі дипломмен,
2018 жылы «Жаяу» биі –І дәрежелі дипломмен  марапатталды.

Облыстық «Айгөлек» мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық фестивалінде вокал жанры бойынша:
2016 жылы Темір Қарақат «Домбыра» әнімен І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Көркем сөз жанры бойынша:
2017 жылы ортаңғы «Наурыз» тобының тәрбиеленушісі: Кеңес Анель авторы: Қосай Мұқаштың «Жан анам» әнін орындап, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 
2018 жылы ересектер тобының тәрбиеленушісі: Матжан Әли   авторы: С.Панабердиевтің «Мен, Астанам, бақыттымын сен барда!» атты көркем сөзі І орынды жеңіп алды. 

     Облыстық «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен өткен мектепке дейінгі мекеме  балалар   арасындағы спорттық –интелектуалдық эстафета  ойындарының Атырау    аймақтық     біріншілігінде   жалпыкомандалық  ойындарда:
2017 жылы – І орын;
2018 жылы – ІІ орынды;
2019 жылы –І орынды  иеленді.
          2017 жылы балабақша  меңгерушісі   Халенова Тамара Молдашқызы аудандық, облыстық «Үздік балабақша меңгерушісі»  байқауынан бас жүлдені  жеңіп алды. 
        2018 жылы  педагогикалық оқудан тәрбиеші Закараяева Жайнар Закараяқызы ІІІ орынды иеленді. 
         2017, 2018 жылдары балабақша хореографы Зайнова Қамажай Мұғауқызы, бейнелеу жетекшісі Жолдыбаева Ғайни Сабырқызы  облыстық «Шығармашылық жұлдыз» тақырыбындағы шығармашылық педагогтардың кеші өткізілді. 
        Осындай жетістіктер мен жеңістердің нәтижесімен ұжым  басшысы Тамара Молдашқызы  Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік даму жолында қол жеткен табыстарымен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін  Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет граммотасымен»,   балабақша әдіскері: Изтаева Айтолқын Әділханқызы, хореограф:Зайнова Қамажай Мұғауқызы, дене шынықтырушы: Хайруллина Әлия Бақтыгерейқызы, тәрбиеші Мусина Қоңырша Тұқпашқызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 



, DLE hd WebMoney 24